Bugin

Нұр-Сұлтан мен Алматыда қайтадан локдаун енгізіледі

18 наурыздан бастап бізде карантин режимі күшейтілді және 21 наурыздан бастап жексенбіде толық локдаун енгізіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев локдаун мерзіміне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, мереке күндері карантин шараларының бұзылуына байланысты елорда мен Алматыда вирус жұқтырғандар саны артқан. Сондықтан әлі де локдаун уақыты созылуы мүмкін екенін айтты.

«Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес 18 наурыздан бастап бізде карантин режимі күшейтілді және 21 наурыздан бастап жексенбіде толық локдаун енгізіледі. Оның қанша уақытқа созылатыны бізге, біздің санитар дәрігерлердің талаптарын қаншалықты сақтайтынымызға байланысты», – деді Ержан Байтанаев.