Bugin
Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың мәліметі бойынша елде кедейлік деңгейі 4,6% құрайтынын анықтады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға көп
2021 жылғы зерттеулер бойынша кедейліктің ең жоғарғы деңгейі Түркістан облысында тіркелген. Күнкөріс деңгейінен төмен жалақы алатын тұрғындардың саны 10,3 пайызды құрайды. Дәл осындай үштіктің қатарына:
1) Солтүстік Қазақстан облысы- 5,8 %
2) Маңғыстау облысы- 5,7 % кіреді. Ал ең төменгі деңгей Елордамызда тіркелген-1,5%.
Сарапшылар әр аумақтағы ең көп және ең аз қамтамасыз етілгендердің шығынын салыстырды. Ең аз қамтылғандар ай сайын азық-түлікке емес тауарларға 5449 тг, ал бай топтан шыққандар 43 539 теңгені жұмсаған. Сонымен қатар, тамақтануға ең кедей қазақстандықтар орта есеппен 15 978 теңге жұмсаған. Ал бай адамдар үшін бір тұтынушының өзіне 75 535 теңге шығындалған.