Қоғам
Алматыда 34 жалпы білім беретін оқу орнына "жарылғыш зат қойылды" деген хабарлама келді
Қазіргі уақытта 18 мектеп тексерілді. Абырой болғанда ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Белгісіз біреу мекемелердің электронды почтасына, жарылғыш заттың барын және түске дейін 500 теңгені жіберуін талап еткен. Түспеген жағдайда мектепті жарып жіберетінін ескерткен. Оқушылар мен мектеп қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылып, соперлар тексеріп, іздестіруді жалғастырып жатыр.
Қазіргі уақытты күдіктіні істестіру жұмыстары жүріп жатыр. Осы факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша тергеу басталды.
Айымгүл Иманғалиева, №19 мектептің директоры: - Балаларды мектепке қабылдап жатқан кезде мектептің электрондық поштасына бір хат келіп тұр. Тәрбие ісінің меңгерушісі: «Мазмұнын сіз танысып көресіз бе?» деді. Оған мектептің хатшысы хабарлаған екен. Мен жүгіріп барып хатты оқыдым. Хаттың мазмұны «Сіздің мектебіңізде бомба қойылған, бір нөмірді жазған осы нөмірге мынандай ақша жібересіз» деп жазған. Мектептің аты көрсетілмеген. Тек қана «сіздің мектебіңізде» деп жазылған" деп мәлімдеді.