Қазақстан жаңалықтары
2021 жылы 19 наурызда Төле би бойында Glovo-ның тамақ жеткізушісі қызылдан өтіп бүлдіршінді қағып кетті
Бұл туралы 31 арна тілшісі Әлібек Шынтемір өзінің инста парақшасында жариялады. Бірақ Glovo компаниясының пресс қызметкерінің айтуынша оқиға 16 наурыз күні орын алған. Журналист бұл Glovo қызметкерлерінің тәртіп бұзған бірінші әрекеті емес екенін айтады.
Қатты жылдамдықпен келе жатып Glovo қызметкері жеңіл арба ішінде жатқан бүлдіршінді қақты. Құдай сақтап бала дін-аман. Ал кінәлі адам бүлдіршіннің анасынан кешірім де сұрамай, оқиға орнынан қашып кетті.
Bugin.kz тілшісі Glovo компаниясымен байланысқа шыққанда, компания қызметкері осы жайттың Төле би Брусиловский қиылысында 16 наурыз күні орын алғанын айтты. Кінәлі адамның оқиға орнынан кетіп қалғанын да растайды. Бірақ қызметкерлері туралы нақты ақпарат бере алмайтынындарын хабарлады.
Сондай-ақ, Glovo компаниясы жұмысқа жастарды 18 жастан бастап қабылдайтынын сөз етті. Әрбір қызметкерінің көлік жүргізу куәлігі бар екенін айтады.
Дегенмен, Әлібек Шынтемір өз инста парақшасында Glovo-ның тәжирибесіз жастарды жұмысқа алатынын жазды.
«Олар жұмысқа көбінде тәжірибесіз жастарды алады. Неге дейсіз ғой ?! Жалақы аз төленеді. Сосын әлгі студент жастар заулайды келіп» , -дейді 31 арна тілшісі Әлібек Шынтемір өзінің инста парақшасында.