Білім және ғылым
Д. Камалованың «смарт дәрі қобдишасы» өнертабысы әлемдік сайыста ТОП-20 идея қатарына кірді
Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Дильназ Камалова Гарвард Университетіне ресми шақырту алды. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3 түлегі әлемдік Гарвард университетінде білім алуда. Осыған дейін 2019 жылы Ақназар Қажымұрат пен Селимжан Чалышкан, 2020 жылы Сұлтанәлі Нұрманұлы аталған білім ордасына грантқа түскен еді. Ендігі шақырту 17 жастағы Дильназ Камаловаға келген.
Дильназдың смарт дәрі қобдишасы дәрі-дәрмекті уақытылы қабылдауды ұмытып кететін жандарға арналады. Қобдиша дәріні қандай дозада, қашан ішу керегін үнемі ескертіп тұрады.
Робототехника бойынша Google Science Fair әлемдік сайыста қобдиша «ТОП-20 идея» қатарына енді. Соның құрметіне Дильназ Калифорниядағы Google-дің штаб пәтерін аралауға мүмкіндік алды.