Денсаулық

Аз ұйықтаған адам тез семіреді

Аз ұйықтау адамды көп тамақтануға итермелейді деп есептейді ғалымдар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мамандар көп тамақтану мен ұйқының арасындағы айырмашылықты білу үшін зерттеу жүргізіп көрді.

Тәжірибеге қатысқан 14 ерікті екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың қатысушылары тәулігіне 7,5 сағат ұйықтауы тиіс. Ал екінші топ небәрі 4 сағат қана ұйықтауы керек болатын. Бірнеше уақыт өткен соң зерттеушілер олардың көңіл-күйі мен тәбеті қандай болатындығын білмек болды. Белгілі болғандай, екі топқа да бірдей тағамдар берілсе де 4 сағат ұйықтаған адамдар ылғи да тоймай қалып, қосымша тамақ сұраған. Шетелдік БАҚ-та хабарлағандай, АҚШ тұрғындарының 40 %-ы тәулігіне 7 сағаттан аз ұйықтайды. Ал бұл тұрғындардың 35%-ын семіздікке алып келген.

Сонымен қатар аз ұйықтаған адамның өмірі 10-15 жылға дейін қысқарады екен. Мамандардың айтуынша, ұйқының қанбауы ағзаның бұзылуына әсер етуі мүмкін. Бұл өз кезегінде семіру, диабет, жүрек ауруы сынды патологиялық ауруларға әкелуі ықтимал. Сондықтан уақытында ұйықтағанымыз жөн. Әр адам ерте жатып, ерте тұрса,  денсаулығы мықты болар еді.