Денсаулық
Дүкендерде сатылатын тағамдардың барлығы мінсіз деп айту мүмкін емес. Зер салып қарайтын болсақ, адам ағзасы үшін зияндысы өте көп. Осыған байланысты, бүгін біз сіздерге ең қауіпті 6 тағамның тізімін ұсынамыз
1)Супермаркеттерден қақталған тауық етін (гриль) алмаңыз. Себебі, ол енді мұздатуға келмейтін, алайда сатылуы тиіс тағамдардың қатарына жатады. Әдетте, оларды ескі өнімдерден дайындайды.
2)Сонымен қатар,кесілген жемістерді сатып алудан бас тартыңыз.Өйткені,олар тұрған сайын өзінің шырынын жоғалтады. Ал сыртын қолмен орау кезінде, ішіне бактерия түсуі мүмкін. Тіпті, кейбір жиынтықтар шірік жерлерін кесіп, ескі өнімдерді салу арқылы жасалады.
3)Дайын тартылған еттерді сатып алмаңыз. Себебі, бұндай өнімдердің негізіне ет қалдықтары мен көп мөлшердегі май кіреді.
4)Мұздатылған балықтар. Оларды сатып алмас бұрын, ең алдымен өнімді тексеріп көріңіз. Әдетте, бүлінген балықты нұқу арқылы ажыратуға болады. Егер, балықтың үстінен бассаңыз ойықтар пайда болады. Бұл оның бүлінгендігін білдіреді. Сондай-ақ, жарамдылық мерзімі өткен балықтардың көздері қызыл және ақ болады.
5)Тұздалған өнімдерді сатып алудың қажеті жоқ. Себебі, тұздау жарамдылық мерзімін ұзарту үшін қолданылады. Сонымен қатар, олар көбінесе арнайы контейнерлерде сатылады. Алайда, сатып алушылардың көптігінен, оның ішіне бактериялардың түсуі мүмкін.
6)Ең соңғысы бұл, дәмдеуіштер жиынтығы. Әдетте олар оралатын қаптамалар тат басып, нәтижесінде бактериялар пайда болады. Көбінесе, дәмдеуіштерге мерзімі өткен ингредиенттерді салады.
Бүгінгі таңда, ғалымдар "суперөнімдер" туралы мифтерді жоққа шығарды. Сарапшылардың айтуынша тек ана сүті осылардың қатарына жатады.