Қарт адам 23 жыл бойы 300-ге жуық видео ойын ойнаған

86 жастағы Ян Бинлинь 300-ге жуық компьютерлік ойындардан өткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайлық Ян Бинлинь инженер мамандығын  бітірген. Алайда, ол 23 жылдан бері видео ойындармен айналысады. Оның бұл хоббиі ең алғаш  немересіне ойындар таңдап беруде пайда болған. Кейіннен геймер XBox және PS4 ойын консолдарына ауысқан. Қазіргі таңда, ол хоррор стиліндегі видео ойындарды ұнатады. 

Ян Бинлиньнің айтуы бойынша видео ойындар оның жастық шағын еске түсіреді. Сонымен қатар, ол компьютерге тәуелді болмады. Керісінше, хоббиін жұмыспен және спортпен ұштастыра білді.