Bugin

Украинада туған әр бала жер қойнауындағы байлықты қолдана алады

Владимир Зеленский жаңа төлқұжат жайлы хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинада "экономикалық төлқұжаттар" енгізіледі. Соған сәйкес Украинада туған балалар 18 жасқа дейін жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан дивиденд (үлес) ала алады. Жаңа төлқұжат жайлы ел президенті Владимир Зеленский айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Зеленский Конституцияға сәйкес жер қойнауы бүкіл Украина халқының меншігі екенін еске салды.
"Украина халқы деп саналып, жер қойнауын иеленіп, пайдалана алатын адамдар тізімі болған кезең артта қалды. Жақында менің сайлау алдындағы уәделерімнің бірін, оның ішінде, Украинаның экономикалық төлқұжатын жүзеге асыруды ұсынамыз.

Оған сәйкес, Украинада туған барлық бала 18 жасқа дейін Украинаның жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан қаражат ала алады. Олар банктегі жеке депозиттік шотында жинақталады және кәмелетке толғаннан кейін Украинада жоғары білім алуға жұмсай алады", - деді Зеленский азаматтарға арналған бейне хабарламада.