Білім және ғылым

Жазғы демалыста оқушылар оқиды ма?

Оқушылар жазғы демалысын оқуға арнауы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылы 11 наурыз күні білім және ғылым министрлігі карантиндік тәртіпке байланысты оқу мәселесін талқылады. Олар оқу үлгерімі нашарлаған оқушылар жазғы демалыста білім алуы мүмкін екенін хабарлады.

Қашықтықта оқудан оқушылардың білім сапасының төмендегенін жасырмаймыз. Оған дәлел — ата- аналардың ойы. Олардың ойынша, баланың үйде білім алуы — өте қиын. "Мұғалімнің аты мұғалім" деген сөзді аналар қауымынан жиі естіп жүрміз.

Асхат Аймағамбетов та қашықтықта оқу мен мектепке барып келіп оқудың арасында айырмашылықтың бар екенін ашып айтты. "Біздің міндет – бұл айырмашылықты барынша жою. Мәжбүрлі қашықтан оқыту кезінде білім сапасын түсірмеу. Біз қазір дәл осымен айналысып жатырмыз",-деп өз ойын түйіндеді. Қазіргі кезде қолға алына бастаған жазғы демалыста оқыту шаралары, оны жан-жақты зерттеп,бағалап жақын арада нақты үкім шығарады деген сенімдеміз.