Bugin
Жәндіктер ақуызынан ет және нан өнімдерін дайындауға арналған әзірлемелер ресейліктерге алдағы жылдары қол жетімді болады
Бүгінгі таңда өндіріс орындары жәндіктерді жануарлар мен балықтардың азығы ретінде қолданады. Алайда алдағы 10 жыл аралығында Ресей осындай өнімдерді шығаруды бастайды. Бұл туралы Fuel for Growth фондының басқарушы серіктесі, FoodNet ұлттық технологиялық бастамасының мүшесі Андрей Зюзин сөз қозғады.
"Ел ішінде кейбір компаниялар қара шыбындардың нәруызынан макарон және ұн өндірісін бастамақшы ойда"
деді маман.
Бүгінде мұндай өнімдер бірнеше елдерде қолданысқа ие болып жатыр. Олардың қатарына: Қытай, Индия, Таиланд, Мексика секілді елдер кіреді.
Бұл аумақтарда жәндік ақуызы иммуномодулярлық және гипоаллергенді қасиеттерімен танымал.
"Ресейліктер жәндіктерден жасалған тағамды қолданысқа енгізуі керек. Себебі қоңыздар мен дернәсілдердің барлық түрі қоректік затқа бай және оларды жеу — әлемдегі азық-түлік тапшылығын азайтуы мүмкін" деп мәлімдеді БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының сарапшысы Джулия Муир.
Оның айтуынша әлемдегі 2 миллиардқа жуық адам жәндіктермен қоректенеді.