МӘДЕНИЕТ

Қой бағудың құпиясы

Менің атам Байзақов Қуандық - Социалистік Еңбек Ері. Атамның жетістіктерінің сыры неде?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Байзақов Қуандық 1892 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында  дүниеге келген. 1930 жылы Жайылма ауыл шаруашылық артеліне мүше болып кіреді. 1934-1959 жылдары сонда аға шопан болып істейді. Жеңілдің астымен, ауырдың  үстімен жүрмеген Қуандық Байзақов «Тек адал еңбек ете біл» дейді екен. Ол еңбек сүйгіштігімен , алдына қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуімен көзге түседі. Жазда қойларды алуан түрлі шөбі бар жайылымдарда жайды. Оны рет-ретімен пайдаланды, ыстық күндері қойды самал желге қарсы беттетіп жайды, қыста саулықтарды қорада ұстап, ерекше күтімге алды, қосымша жем берді. Шопан мал төлдетуде жан-жақты әзірленіп, оны ұйымшылдықпен өткізуге көп еңбек сіңірді. Малды төлдету кезінде күндіз-түні тыным таппады. Қуандық Байзақовтың қарқынды еңбегі өз жемісін  берді, 1948 жыл есте қаларлықтай болған. Ол қаракөл елтірісінен 90% -ін бірінші сортпен тапсырып, әр жүз саулықтан 121 қозы алды.

Партия мен үкімет таңдаулы малшының еңбегіне зор баға берді.СССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1949 жылғы 12 июльдегі Указымен Қуандық Байзақовқа Социалистік Еңбек Ері атағын берді.

Менің атама жұрт: «Жетістіктеріңіздің сыры неде?-дегенде атам: «Қойымды көбейтем десең оны күте біл, қора-қопсысы жайлы, жем-шөбі мол болсын. Малың жыл бойы қоңды болсын. Мұндай саулықтар егіз де, тіпті үш қозыдан да туады. Құпияның сыры осы» , - деген екен.