Қазақстан жаңалықтары
20 наурыз күні 19 наурыз күні жұмысынан оралмаған қызды,әпкесі 20 наурыз күні арыз түсіріп, БАҚ-қа жоғалғанын жариялап, туыстары қазақстандықтардан көмектесуін сұраған болатын.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда 2001 жылы туылған Әділова Айжан Ерланқызы есімді қыздың өлі денесі табылды деп хабарлайды КТК жаңалықтары.
Қызды іздестіру барысында оның соңғы рет 2021 жылдың 19 наурызында сағат 20.48-де бойжеткен Қонаев көшесі 43 мекен-жайы бойынша жұмыстан шыққанын бақылау камерасына түсіп қалған.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бойжеткеннің жоғалып кеткен күні әлеуметтік желілерде танысқан жаңа танысымен кездесуге жиналғаны анықталды. Қыздың қылмыстық әрекеттерінің құрбаны болғаны анықталды", - деп хабарлады полиция.
Қылмыскер Түркістан облысының 1993 жылы туған тұрғыны болып шықты.
Қазір полиция кісі өлтірудің себебі мен әдісін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізуде.
Кәзір Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтіру"бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қаупі бар.