МӘДЕНИЕТ
Ұзақ жасағыңыз келсе, 2115 жылға дейін өмір сүруге мотивациялайтын себеп бар
Роберт Родригес пен Джон Малкович түсірген бұл кинотуындыны біз, қазір өмір сүріп жатқандар, көре алуымыз неғайбыл. Бұл фильмді түсіруге «Людовик XIII» коньягын шығаратын компания демеушілік еткен. Фильмнің бас жағында кейіпкерлер дәл осы коньякты тауып алады.
Фильм түсірілген таспа 100 жыл уақыт өткенде (коняк қажетті дәмі кіріп, иісі қаныққанша осынша уақыт керек) есігі автоматты түрде ашылатын аса берік сейфте сары майдай сақтаулы тұр.
Ал фильмнің премьерасын тамашалауға мүмкіндік беретін қымбат металлдан жасалған шақыру билеттері, сол билеттерді алғандар артындағы ұрпағына қалдыруы үшін, әлемдегі 1000 ең-ең ықпалды да беделді деген кісіге қазірдің өзінде беріліп қойды.