Шымкент
Қайшылықтар ғұмырда көп болады
Қайшылықтар ғұмырда көп болады
Қиын кезең, бірде қарын тоқ болады.
Айтып-айтпай дауыл да шоқ болады.
Алайда қарсы күрес болса егер,
Мұның бәрі өміріңде жоқ болады.
Берілмеймін қиындық болсадағы
Жібермеймін жеңіліп қалсамдағы,
Маңызды емес құлағаның, жеңілгенің
Бұл деген Алла берген жол бағдары
Түзу жолмен жүреғой неғыласың
Сөйлегендер - сөйлей берсін,сен тоқтама
Бұлт артынан күн шығады ұмытпассың
Сол кезде күн сияқты жарқырарсың
Жарқырасың көбейеді көлеңкелер
Көбейеді сені ылғи іздегендер
Білмейсің қайсы шындық қайсы жалған.
Оның бәрі тек байлық көксегендер
Досыңмын деп сыртыңнан бөксегендер.
Тастап кетсе ойлап жүрген шын достарың,
Алдап кетсе жанашырың шын мұқтажың.
Бауыр баспа ешкімге бұл жалғанда,
Тазартып жеңілдіктер жасап жатыр
Өз жолында бір аллаң ,ақ құдайың
Алға бас , мақсатыңды айқын қойып
Қарайлама артыңа көңіл бөліп ,
Жарқырашы нұр шашып, күндей толып
Сенем саған жетесің биіктерге
Жетесің арманыңа түсіп терге
Сол сәтте бір демалып шүкір етіп,
Айтасың алғысыңды кейіптерге.