Қоғам

Әдемі әрі арық көріну үшін қалай киінген дұрыс?

«Аяғым ұзын болып көріну үшін не істеймін?», «Арық көріну үшін қалай киінген дұрыс? Қыздардың сұлулыққа қатысты сұрағы таусылған ба?!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қыздар суретке түскенде немесе қалай киінерінізді білмей жүрсеңіз, мына кеңестерді ұмытпағаныныз жөн болады. Мәселен:

1) Ақшыл сары туфли мен қысқа белдемше аяқтарыңызды ұзын етіп көрсетеді;

2) Жамбастың толықтығын тік пішіндегі шалбарлар мен джинсылар жасырып тұрады;

3) Егер беліңіз жіңішке, бірақ жамбасыңыз жалпақ болса, онда сізге клеш джинсы мен белге тағылған белдік жарасады;

4) Киімдегі ұсақ суреттер сырттан кішірейтіп көрсетеді, ал үлкен суреттер керісінше ірілетіп көрсетеді;

5) Ұзын көйлектер мен белдемшелер бойыңызды қысқартып көрсетеді;

6) Формасыз киімдер кез келген пішінді бұзып тұрады;

7) Басы домалақ, өкшесі біздей туфлилер аяғыңызды жіңішке етеді;

8) Ал басы үшкір туфлилер аяқтарды толықтау етіп көрсетеді;

9) Қара колготкилер (капрон) аяқтарыңызды бір-екі келіге арық қылып көрсетеді, ал қара аяқ-киіммен үйлескенде аяқтарыңыз ұзын болып көрінеді.

10) Ашық түсті колготкилер керісінше аяқтарыңызды толығырақ әрі қысқарақ көрсетеді. Бірақ, ақ немесе  сары туфлимен ұзынырақ көрінеді;

11) Мөлдір блузка сырт көзге барлық артықшылықтарыңызды да, кемшіліктеріңізді де көрсететінін ұмытпаңыз;

12) Егер киімдерді үйлестіре алу қасиетіңіз болмаса, классикалық стильдерге жүгініңіз;

13) Үш түс ережесі: бейнеңізде үштен артық түс пайдаланбаңыз, әйтпегенде елдің күлкісіне, сөзіне  қалуыңыз мүмкін;

14) Шаш үлгіңіз гардеробыңыздағы киімдермен үйлесуі керек;

15) Егер бірнеше иіс су пайдалансаңыз, иіс суды киіміңізге сеппеңіз. Иіс бір ай бойы сақталуы мүмкін;

16) Бір ғана стильдегі киімге құмар болмаңыз, әйтпесе бейнеңіз уақыт өте келе қызықсыз болып қалады;

17) Футляр пішінді көйлек арық қыздарға да, толық пішінді қыздарға да жарасады. Бірақ жіңішке белді және биязы жамбасты қыздардың үстінде тіпті керемет көрінеді.