Қоғам
Перзентханада жатып-ақ баланың туу туралы куәлігіне қалай өтініш беруге болады?
Электрондық қызмет көрсетулер дамыған сайын, біздің өмірімізді жеңілдете түсуде. Баланы туған сәттен бастап ана перзентханада жатып-ақ баланың туу туралы куәлігіне өтініш бере алады. Бар болғаны қолыңызда смартфон болу керек және мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет. МАБ-та телефон номеріңіздің тіркелгенін алдын - ала перзентханаға жатпай тұрып тексеріп алған жөн.
Төменде баланың туылуын тіркеудің бірнеше жолдары көрсетілген.
Баланы тіркеудің ең оңай жолы:
1.СМС хабарлама немесе Telegram - bot арқылы. Сіз туған сәттен бастап бір тәулік ішінде E- gov.kz – тен (1414) сізге қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттың қадамдық сұрауымен құттықтау СМС жіберіледі. СМС сондай-ақ Telegram-бот сілтемесін қамтиды, бұл Telegram қосымшасы арқылы қызметті алу мүмкіндігін білдіреді. Бар болғаны сұрақтарға жауап берсеңіз болды.
Құттықтауы бар СМС келіп түскен кезде сізге қызметті алу тілін таңдау керек;
Одан кейін сізден неке туралы мәліметтер сұралады.
Белгілі бір уақыттан кейін сізге баланың тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) сұраумен мынадай СМС-хабарлама келіп түседі
Аты-жөні жіберілгеннен кейін сізге білім деңгейіңіз, кіріс көзі және тіркеуші орган туралы мәліметтерді ұсыну бойынша СМС-сауалдар келіп түседі.
Осыдан кейін тіркеуге электрондық өтінім қалыптастырылады, ол таңдалған тіркеуші органға жіберіледі. Бұл туралы баланың тууын тіркеу жөніндегі өтінімнің мәртебесі бойынша қосымша ақпараттық хабарламамен хабарланатын болады.
Тіркеуден кейін сізге туу туралы куәлікті алу орны көрсетілген және туу туралы медициналық анықтаманы алып, құжат алу үшін келу туралы өтінішпен СМС жіберіледі.
Сұрақтар жауап үлгілерімен беріледі.
2.E- gov.kz порталы арқылы
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басасыз.
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Хабарламада көрсетілген уақытта АХАЖ-ға барасыз.
Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды ала барыңыз:
туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы;
неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы;
ананың жеке куәлігінің түпнұсқасы;
әкенің жеке куәлігінің түпнұсқасы болуы қажет.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (ХҚҚО). Жоғарыда аталған құжаттарды ала баруыңызды ұмытпаңыз.