Денсаулық
Екінші және үшінші қан тобы бар адамдарда инфаркт қаупі бірінші қан тобындағы адамдарға қарағанда 8%-ға жоғары
Қан тобы инфаркт қаупіне әсер етеді. 400 мыңнан астам адамның қатысуымен зерттеу жүргізген ғалымдар осындай қорытындыға келді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ғалымдардың зерттеуі American Heart Association ғылыми журналында жарияланған. Зерттеуге сәйкес, екінші және үшінші қан тобы бар адамдарда бірінші топтағы адамдарға қарағанда инфаркт қаупі 8%-ға жоғары.
Сондай-ақ, екінші және үшінші топтағы тасымалдаушыларда тамыр тромбозы мен өкпе эмболиясының даму ықтималдығы басқаларға қарағанда 51% және 47% жоғары.
«Бірақ бірінші қан тобы бар адамдар жоғары қан қысымына бейім», - дейді АҚШ ғалымдары.
Бұған дейін ғалымдар коронавируспен ауыратын науқастар туралы ақпаратты зерттеп, аурудың ауырлығы мен қан тобы арасындағы байланысты анықтады. Олардың айтуынша, AB0 қан тобы (бірінші топ) бар адамдарға коронавирус жұқтыру қаупі аз.