Қазақстан жаңалықтары

Үш мыңға жуық полиция қызметкері жұмыссыз қалады

Жаңа жарлықта бұл қысқарту 2021 жылдың 1 мамырына жоспарланған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда үш мыңға жуық полиция қызметкері жұмыстан шығарылады. Бұл туралы Bugin.kz  платформасы хабарлайды.

Қысқарту жайында үкіметтің «Министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдардың штат санының лимитін, олардың аумақтық органдары мен оларға бағынатын мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып бекіту туралы» қаулысына енгізілетін өзгерістерде айтылған. Жаңа жарлықтың жобасында бұл қысқарту 2021 жылдың 1 мамырына жоспарланған.

Үкімет бұл іс-шаралар қосымша бюджеттік шығындарды қажет етпейді деп уәде етеді.

Ішкі істер министрлігінің штатында қазір 126 мыңнан астам адам бар, 13 мыңнан астамы мамандандырылған күзет бөлімдерінде жұмыс істейді.