Спорт

Канело GGG-мен жұдырықтасқысы келмейді. Головкиннің келесі қарсыласы кім?

«Мунгия Головкинді нокаутқа түсіретініне сенімдімін»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес бұдан былай қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шықпайды. Мұндай мәлімдемені Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя жасады. Бұл туралы  Bugin.kz платформасы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сол себепті, промоутер GGG-ді мексикалық бірінші орта салмақтағы экс-чемпион Джайме Мунгиямен жұдырықтастыруға көндіріп көрмек.

"Біз Мунгия - Головкин жекпе-жегін ұйымдастыруымыз керек. Бұл жекпе-жек жанкүйерлерге нағыз рахат сыйлайды деп сенемін.  Екі бірдей стильдегі қарама-қайшылықтағы  Мунгия Головкинмен тамаша жекпе-жек өткізеді. Біз Головкиннің ешкімнен қашпайтынын білеміз. Сондықтан,  жақын арада ұйымдастыруға асығатын жекпе-жектердің бірі болғалы тұр.

Бұл ретте мен Мунгия Головкинді нокаутқа түсіретініне сенімдімін. Бұл туралы  Головкиннің соңғы қойылымына сүйене отырып тарқатамын. Ол баяу және осал көрінді", - дейді промоутер.

Еске сала кетейік, Головкин Канеломен екі рет жекпе-жек өткізген болатын: бірінші жекпе-жекте (2017 жылдың қыркүйегінде) олар тең түсті, ал екінші жекпе-жек (2018 жылдың қыркүйегінде) мексикалықтардың минималды жеңісімен аяқталды.