Қазақстан жаңалықтары

Ресейдегі қазақстандықтар қатысқан төбелеске қатысты министрлік жауап берді

Жаппай төбелеске Қазақстаннан вахтамен жұмыс істеуге барған қызметкерлер қатысқан. Сыртқы істер министрлігі тұрмыстық жанжал орын алғанын атап өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мурманск облысында құрылыс орнында қазақстандық жұмысшылардың қатысуымен жаппай төбелес болды.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы kazinform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады.

Сыртқы істер министрлігі оқиға 23 наурыз күні сағат 20:30-да Белокаменка елдімекені ірі тоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңында болғанын атап өтті.

"Вахтамен жұмыс істейтін қызметкерлер арасында жаппай төбелес болды. Арасында Қазақстан азаматтары да бар, тұрмыстық жанжал шыққан. Компания өкілдерінің хабарлауынша, мәселе реттелді, қалыпты жағдайда жұмыс жүріп жатыр", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуныша, Санкт-Петербургтегі Қазақстанның бас консулдығы мәселені бақылауда ұстап отыр.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ІІМ басқармасына сілтеме жасап алты адам жарақат алғанын хабарлады. Оларға медицина қызметкерлері көмек көрсеткен. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Зардап шеккендер мен ұсталғандар арасында қазақстандықтар жоқ, деп нақтылады сыртқы істер министрлігі.



 


Фото: newsroom.kz