Спорт
Сабина Алтынбекова волейболдық карьерасы жайлы сұрақтардың нүктесін қойды
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова оқырмандарына спорттық мансабына қатысты сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандық спортшы өз оқырмандарын қызықты сұрақтар қоюға шақырды. Басқа сұрақтармен қатар оған өзінің волейболдағы болашағына қатысты сұрақтар қойылды.
-Итальяндық клубпен келісімшарттың мерзімі аяқталды ма?
- Ол басталмай тұрып аяқталды. Бірақ Жаратушының біздікінен жақсы өз жоспарлары бары анық.
- Волейболдағы мансабыңызды жалғастырасыз ба?
- Иә.
Алтынбекованың соңғы клубы итальяндық «Казерта» болды. Ол бұл клубқа 2019 жылдың шілде айында көшіп келді, бірақ тамыз айында қаржылық мәселелерге байланысты Италия құрамасынан кетті. Италияндық клубтың атынан бірде-бір матч өткізген жоқ.