МӘДЕНИЕТ
Мерекелік кеш жоғарғы деңгейде өтті
Наурыз айының 19-шы жұлдызында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында "Жастар алтыбақан аясында" атты ойын-сауық кеші өткізілді.
Мерекеде қала жастары алтыбақан аясында әсем ән мен сыңғырлаған күлкіге толы сауық кешін тамашалады. Жиналған өнерпаздар дәстүрлі әндерді нақышына келтіре отырып шырқады.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен әдет-ғұрыптарын дәріптеп, оны бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру, көнерген "ұйқыашар", "селтеткізер" дәстүрлерін кеңінен насихаттау болып табылады.
Жиынға Шымкент қаласының тұрғындары мен мектеп оқушылары, студенттер мен өнерпаздар қатысты.
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкері Райхан Алтыбаева: "Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты – халқымыздың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерін қайта тірілту, жөн-жоралғыларымызды жастар арасында насихаттау.
Жиын жоғары деңгейде өтті. Қала тұрғындары дән риза", - деп пікір білдірді.
Самидин Аружан Азатқызы,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, журналистика мамандығының 1 курс студенті
Бекназарова Раушан Кадырбековна,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы