Қазақстан жаңалықтары

Көпбалалы отбасыларға 45 миллиард теңге

2021 жылы мемлекет бюджетінен көпбалалы отбасылар жалпы 45 миллиард теңге алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 46 760-тан 186 688 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«2021 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында жалпы сомасы 45,6 млрд теңге жәрдемақыны 433,6 мың отбасы алды», - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Тек ақпан айында 436,9 мың отбасы жалпы сомасы 23,1 млрд теңге жәрдемақы алды.

Айта кетейік, аталған мемлекеттік жәрдемақыға төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

2021 жылы төлемдердің мөлшері балалар санына байланысты сараланады. Төрт баласы бар отбасыға 46 760 теңгеден, жеті баласы бар отбасыға 81 852 теңгеге дейін. Одан кейін сегіз баласы бар отбасы 93 344 теңге, тоғыз баласы бар отбасы – 105 012 теңге, 10 – 116 680 теңге, 11 – 128 348 теңге, 12 – 140 016 теңге, 13 – 151 684 теңге, 14 – 163 352 теңге, 15 – 175 020 теңге және 16 – 186 688 теңге жәрдемақы алады.

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа нұсқаларында аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында табыстарын есепке алмай, жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

2020 жылы 21 қыркүйекте жыл басынан бері 390 көпбалалы отбасы 153,3 млрд теңге жәрдемақы алған болатын.