Әлеумет

Президент премьер-министрмен баспана мәселесін талқылады

Президент Асқар Маминге мәселелерді шешуді тапсырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы akorda.kz-ке сілтеп хабарлайды.

Премьер-Министр Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы Мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы жайында баяндады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен барынша қамтамасыз ету мақсатында Үкіметке «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты мәселелерді шешуге ерекше назар аударуды тапсырды. 

Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек.

Азаматтарға вакцина салуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету және биылғы белгіленген шекке (6 млн адам) қол жеткізу мәселесі де өзекті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.