Экономика
Фермерлер одағы жерді пайдалануға қатысты 5 ұсыныс тастады
Қазақстандық фермерлер жалға беру құқығы мұра арқылы жүзеге асса дейді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
“Қазақстан фермерлер одағы” республикалық бірлескен қауымдастығының президенті Қазақстандағы жерді пайдалану бойынша Жигули Дайрабаев бірнеше ұсыныс тастады.
“Біріншіден, Қазақстан азаматтарына жерді 49 жылға жалға беру туралы норма енгізу керек. Сонымен қатар ол жердің балаларына мұраға қалатындай мүмкіндік жасалса дейміз. 49 жыл өткен соң жалға беру уақытын тағы да созу мүмкіндігі де қарастырылса жөн. Ол үшін мемлекеттік Жер кодексі туралы заңға өзгеріс енгізу керек”, - деді ол.
Жер дауына нүкте қою үшін тек Қазақстан азаматтарына ғана жалға беру мәселесі де сөз болды.
“Екіншіден, жер шетелдіктерге берілмеуі тиіс. Өкінішке орай, мұндай фактілер бар. Біз жақын уақытта тиісті деректерді комиссияға ұсынамыз. Қажетті деген механизмдер қарастырылуы тиіс”, - деді қауымдастық президенті брифинг барысында.
Бұдан бөлек жерді жалға алғандардық тізімі ашық жариялануын да талап етті. Ал жерді пайдаланудан түскен салық ауылдарды дамытуға жұмсалуы тиіс екенін де ескертті. Келесі ұсынысы – аудандық әкімдіктер жанындағы жерлер таратылуы тиіс.
Ал сенатор Ақылбек Күрішбаев Қазақстанның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тек мемлекетке тиесілі болуы тиіс екенін нақты айтты. Айтуынша, ондай жерлер – халықтың байлығы, құндылығы.