МӘДЕНИЕТ
Абай атаға өлең жолдарын арнаймын
Ақын да, жыршы да бар қазағымда,
Ақ параққа қаламыммен жазамын да,
Қазағымның ұлы ақынын мен бүгін,
Сипаттайын бары менен базарын да.
Жазды ғой «Абай жолды» Мұхтар ата,
Ұрпаққа қалды, ол да мәңгі мұра.
Қалайша ұмытамыз осындайды,
Біз ұлтшыл, қызымыз бен ұлымыз да.
Ұмыт болып қалмайды Абай ата,
Сақтайтын тектілігін қазақ қана.
Қазақтың Ұлы ақыны деген атқа,
Мақтан тұтар лайықты Абай ғана.
Бір бойына сыйдырыпты мың өнер,
Ақын, сазгер, ағартушы, кемеңгер.
Атамыздың мерейтойы биылғы,
Індетпенен тойламадық демеңдер.