МӘДЕНИЕТ

«Пентхаус» дорамасының құпиясы неде?

Кореяда дораманың соңғы бөлімінің рейтингі 31,1%-ға жетті. Қазіргі көрсетіп жатқан дорамалардың бірі де мұндай рейтингке ие емес. Яғни мұны Кореядағы нағыз хит дорама десе болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

SBS арнасы ұсынған "Пентхаус" дорамасы өзінің алғашқы маусымын көрермендер арасында өзінің жаңа жеке рекордымен және жоғарғы рейтингтерімен аяқтады.

Nielsen Korea мәліметтері бойынша, дораманың соңғы эпизоды 23,6% және 28,8% аралығында орташа рейтингке ие болды. Бұл дораманың алдыңғы жеке рекорды 24,0%-бен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс пен жаңа рекорд әкелді. Дораманың премьерасы 2020 жылдың қазан айында басталған және ол дүйсенбі бен сейсенбі күндері 10%-ға жақын рейтингпен көрсетіле бастады.

Желтоқсанға қарай дорама 20%-дық рейтингті жеңіп, өзінің ең танымал екеінін дәлелдеді. Пентхаустың соңғы эпизоды 5 қаңтарда эфирге шықты және бірінші маусымды 30%-ға жақын рейтингтермен аяқтады.

Хан Джи Хён - «Пентхаус» дорамасында көргендеріңіздей егіздің сыңарының рөлін сомдайды, бірақ шын өмірде де өзінің туған егіз сыңары бар.

Актриса Ким Со Ён "Пентхаус" дорамасында өзінің шын өмірдегі күйеуімен бірге дорамада ойнады. Оның күйеуіде актер.

Есімі Ли Сан У. Олар тек Пентхаус дорамасында ғана емес, "Счастливый дом" дорамасындада бірге ойнаған. Осы дорамадан соң кездесіп, үйленген болатын.

"Пентхаус" дорамасында актер Юн Чон Хун дәрігер болып ойнайды. Ол тек сол дорамада ғана емес, түскен дорамаларының он шақтысында дәрігердің рөлін сомдаған. Оны жанкүйерлері "Дәрігер актеры" деп атайды екен.

Дораманың екінші маусымы 12 эпизодтан тұрады және де дәл солай үшінші маусымы да 12 эпизодтан тұрады. Көруге тұрарлық дорама. Шытырман оқиғаларға толы. Әр бөлімінде басты кейіпкер ауысып отырады және көрерменің қызығушылығын одан әрі ашады.

«Ертең не болады?» , «Шындықты білгенде не істейді?» т.б сұрақтар туындайды көрермен қауым үшін. Қазіргі таңда 2 маусымының 10 бөлімі шықты. Дорама несімен қызықтыады? Ол үшін бұл дораманы көріңіз, сосын себебін білесіз.