Әлем жаңалықтары
Румынияның қорғаныс министрі Николае Чукэ әлеуметтік желіге құпия деректерді бейнелейтін фотосуретті жүктеді
Бұл туралы Румынияның Digi24 газеті мәлімдеді.
Басылымдардың хабарлауынша, маңызды құжаттар министрдің жеке парақшасында жарияланған. БАҚ ду ете түскен соң фотосурет дереу өшірілген. Алайда деректер бірер секундтар ішінде желіде тарап үлгерді.
Бұған қатысты арнайы зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде фотосуретте бейнеконференциялардың деректері мен Сибиудағы қорғаныс министрлерінің қолданысқа ие телефон нөмірлері көрсетілгені анықталды.
Сонымен қатар, қорғаныс министрлігінің хабарлауынша фотосуретте құпия ақпараттар көрсетілмеген және қауіпсіздікті бұзу қаупі жоқ. Министрлік фотода келтірілген мәліметтер Сибиуде вакцинацияға тіркелу алаңына қол жетімділігін арттырады, деп түсіндірді.