Әлемдік акция: Nur Alem, Эйфель, Биг Бен жарықтары өшіріледі

Биыл Нұр-Сұлтан қаласы "Жер сағаты" атты экологиялық акцияға қатысады. Шараның басты мақсаты – табиғи ресурастарды қорғау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Экологиялық акция барысында 150-ден астам нысан электр қуатынан ажыратылады. Бұл тек Қазақстан бойынша емес, бүкіл ғаламшарлық акция болып табылады. Сондықтан, шараға шет елдер де қатысады. Мысалы, осы күні Эйфель мұнарасы мен Биг Бен, Колизей сынды сәулет ескерткіштері өз жарықтарын сөндіреді. 

Ал Қазақстан бойынша, сенбі күні сағат 20:30-да ғимараттардың сыртқы шамдары өшіріледі. Олардың қатарына: Астана-Арена, Алау Мұз айдыны, Барыс Арена, Қазмедиа Орталығы, Мәңгілік Ел монументі (триумфалды арка), NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайы, Астана Опера опера және балет театры, Сарайшық көшесіндегі М2 көпірі, Сығанақ көшесіндегі М3 көпірі, Астана-Бәйтерек монументі, Talan Towers БО, «ҚТЖ» АҚ ғимараты, Нұр-Әлем сферасы, Хан ШатырСОО, «Ailand» ОДО, Mega Silk Way СОО, «Сары арқа» СОО, Назарбаев Университет, «Жекпе-Жек» СК, «Ақ Орда» Президент Резиденциясы, Хазірет Сұлтан мешіті, ҚР Ұлттық мұражайы, Шабыт шығармашылық сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Қазақ Елі монументі, Оқушылар сарайы, ІІМ ғимараты кіреді. Сонымен қатар, 150-ден астам тұрғын үй кешендері тоқ көзінен ажыратылады. 

Бүгінгі таңда, "Жер сағаты"  акциясы Қазақстан бойынша қарқынды даму үстінде.Әсіресе, ел арасында үлкен танымалдылыққа ие.Бұрын бұл науқан тек ірі қалалардың аралығында өткізілетін. Алайда, соңғы екі жылдың көрсеткіші бойынша елдің барлық өңірлері акцияға қатысып жатыр.