Әлем жаңалықтары

Билл Гейтс: "Біз осы қателік үшін шығынға ұшырадық"

Австралия, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия Билл Гейтс ұсынған әдісті қолданған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Билл Гейтс пандемия басында АҚШ пен Еуропа қателік жіберді деп айыптады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Wyborcza газетіне сілтеп хабарлайды.

Билл Гейтстің айтуынша, «аз қаражатпен бәрін шешеміз» деген оймен тиісті қаржы бөлінбеді. Науқастардың диагнозы бірден анықталмады.

"ПТР арқылы коронавирусты дәл анықтай аламыз. Ал алғашқыда барлық адамды тексеріп, оң нәтиже көрсеткендерді карантиндік бақылауға алса, мұндай жағдай болмас еді» деді ол.

Әрі Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ-тың біраз бөлігі бұлай жасамағанын айтты.

"Біз осы қателік үшін шығынға ұшырадық», - дейді Билл Гейтс.

Ол мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті қаржыны уақытында бөлуге шақырды.