Саясат
Ал, сол комунистік партия қазаққа не берді?
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін үкімет басына Большевик партиясы келдіми(кейін коммунистік партия болып өзгерді). Содан 1991 жылға дейін Совет үкіметі құлағанға дейін, мемлекет басында болды. Коммунистер осы жетпіс жылдың ішінде әлемдегі ең алып мемлекетті құрды. Оның экономикасын, саясатын, ғылымы мен білімін, өнері мен мәдениетін, халық тұрмысын әлемдік деңгейге көтерді. Оған еш кімнің таласы жоқ!
Ал, сол комунистік партия қазаққа не берді?
Қазақта совет халқының құрамында жоғарыда көрсетілген сол жетістіктерге ортақ болды. Оған да еш кімнің дау жоқ! Бір-ақ, ол жетістікті қазақтың аштық пен қуғыннан тірі қалғандары ғана көрді.
Енді коммунистік партияның қазақ халқына көрсеткен геноциттік қорлығы мен зорлығын тізейік:
1 - 1921-1922 жылдардағы аштықтан 2 миллион қазақ қырылды.
2 - 1927-1929 жылдардағы қазақтың мал-мүлкін тәркілеу (бай-кулактарды жою) науқаны кезінде және осы қолдан жасалған аштықтан 1931-1932 жылдары 4 миллионға жуық қазақ аштан қырылып немесе шет елге ауып кетті!
3 - 1918 жылы құрылып, Қазақ автономиясын жариялаған Алаш партиясының мүшелері мен оны жақтаған қазақ зиялыларының барлғы қудалауға түсіп, 1940 жылға дейін түгелге жуық азап түрмесінде болып атылды!
4 - Қазақтың сонау атамзаманнан бергі Атажұрты Еділ бойы, Орынбор аймағы, Омбы аймағы Ресейдің құрамына кетті. Қарақалпақ, оңтүстіктегі Ташкент маңайы Өзбекстанға кетті.
5 - 70 жылда қазақ халқының 40% Ана тілінен айрылып, қазақ тілі "қазан-ошақ" тіліне айналды (қазір де солай). Қазақ тілі "калбитский язык" - деген мазақ тілге айналды. Қазақты өз тілінде сөйлеуге намыстанатын "мәңгүрттікке" әкелді!
6 - 1949 - жылы қазақтың қақ төрі Сарыарқадан "Семей Атом полигонын" ашып, қазақтың басына 40 жылдай қасірет әкелді. Қазақты "опытный кролик"(тәжірибе жасайтын қоян) ретінде қорлады! Сол зұлматтан миллиондаған қазақ әлі зардап шегіп отыр!
7 - Қазақ жерінде "Тың көтеру" деген жалған үндеумен, бүткіл Совет одағының түрмелерінен босаған "зэктер" мен жұмыссыз кедейлерді әкеліп, қазақ жеріне басқа ұлыттарды қаптатып, қазақ ұлытын "орыстандыру" саясатын жүргізді.
8 - 1986 жылы Алматыда бостандық аңсаған қазақ жастарын қырғынға ұшыратып, оқудан, жұмыстан қуып, түрмелерге отырғызып, Тайғаға жер аударды.
Коммунистік партияның қазақ халқына жасаған қиянатын әлі де жалғастыра беруге болады.
Сөздің қортысында айтпағым, қазақ халқына осыншама қырғын мен зобалаң, қорлық пен зорлық көрсеткен "Коммунистік партиясын" Қазақстанда тиым салудың орнына, оларды ҚР парламентінің төріне отырғызу - бұл біздің биліктің сол партияның саясатын қолдайтынының анық көрінісі. Сол партияның мүшелері қазақ халқының мүдесін қорғап отыр ма?
Партияның лидері Н. Косаревтің қазаққа деген көзқарасы - сол баяғы советтік шовинстік ұстаным. Оған оның соңғы кездегі жағдайларға байлансты "қырсық" пікірлері дәлел!
Мен Қазақстан Азаматы ретінде, Коммунистік паритияның қазақ халқына жасаған тарихи геноцитінің негізінде, "Коммунистік партияны" Қазақстанда тіркелуіне еш қандай моральдік және адами тұрғыдан құқтары жоқ деп есептеймін! Сол себепті, Қазақстанда "Коммунистік партияны" біржолата жабуды талап етемін! Және қазақ халқынан, әсіресе жастардан мені қолдауды сұраймын!
Аймұханбет Бейсембеков
ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, профессор.