Hi-Tech
Xiaomi смартфондары чиптердің тапшылығына байланысты қымбаттауы мүмкін
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жартылай өткізгіш өнімдердің тапшылығы сезілуде. Бұл туралы Bugin.kz платформасы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл қазірдің өзінде автокөлік чиптері нарығына да қатысты болды. Ендігі кезекте «ақылды телефондар» тұр. Xiaomi компаниясының президенті бөлшектердің жетіспеушілігі компанияның шығынын көбейтеді, демек біз бұрын қол жетімді қытайлық гаджеттердің бағасының өсуін күтуіміз керек.
Бұл қытайлық алпауыт компанияның смартфондарының бастапқы құны өсетініне әкелуі мүмкін. Дегенмен, әзірге ешнәрсе белгісіз.
Фото: ChinaPhone.info