Bugin
Енді қазақстандықтар түске бөлінеді. Бұл арқылы Ashyq платформасы адамның ПЦР анализінің бар-жоғын анықтайды
Енді Ashyq платформасы қазақстандықтар үшін өте маңызды. Себебі, сіз бұл қосымша арқылы кез келген қоғамдық ғимаратқа кіре аласыз. Аталмыш платформа мекеме иелері мен олардың клиенттеріне арналған пилоттық жоба ретінде жасалған. Осы себептен, қосымшаның өзіндік ережелері бар. Мысалы, мекемеге кірер алдында ғимараттың QR-коды сканерленуі тиіс. Шығар кезде де қайтадан сканерлеген жөн. Себебі, мекемеге кірген әрбір адам үшін жеке QR-код жасалады. Сонымен қатар, басшылықтың айтуы бойынша, қосымша тек кәмелеттік жасқа толған адамдар үшін қол жетімді. Осыған байланысты мекемеге кірген әрбір бала ата-анасының QR-кодын қолданады.
Айта кететін жайт, бұл платформа адамдарды түс арқылы бөледі. Ол клиенттің Covid19-бен ауырған-ауырмағанын көрсетеді. Мысалы:
•Қызыл - адамның короновируспен ауыратынын және үй қамақта болуы керегін көрсетеді.
•Сары - қозғалыстың ішінара шектелуі. Бұл оқшаулану режиміндегі адам. Себебі, ол науқаспен байланысқа түскен. Алайда, қолданушының оқшауланған жерден 500 метр аралығындағы орталықтарға кіруіне рұқсат берілген.
•Көк - бұл қозғалыстың шектеусіз екенін көрсетеді. Бірақ, ПЦР тесттен өтпегендіктен кейбір жерге барғанда анализ тапсыру маңызды. Мысалы, әуежайға келгенде.
•Жасыл - ПЦР тесттілеуден өткен адамның белгісі. Сіз кез келген мекемеге шектеусіз кіре аласыз. Себебі, дертті жұқтырғандардың қатарынан емессіз.