Спорт
Футбол тек қана спорт түрі емес, футбол – өмір
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, қазақ футболының саңлақтары саналып кеткен «Абай жолы» роман – эпопеясын әлемге әйгілі еткен Мұхтар Әуезовтың өзі 1913 жылдары «Ярыш» атты алғашқы қазақ командасында доп теуіп, көзге түскен. Одан бері келе қазақтың Пелесі атанып кеткен Тимур Сегізбаев та жарқ етіп, көпшіліктің кумирына айналып үлгерген. Сонымен қоса Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақовтардың да есімі біраз жыл ел ауызынан түскен емес. Жоғарыда аталған қазақ футболының сиқырын жандандырып, өзіндік стильін қалыптастырып кеткен бұл футболшылардың ойынында ақша немесе атақ дейтін бір мәселе болған емес. Бұл қазақ футбол аңыздарына айналып кеткен тұлғалар ел намысы, ұлт үшін қасқая қарсыластарына қарсы тұрып, есе жібермеген. Ал қазіргі қазақ футболының туын көкке көтеріп жүрген ойыншылардың ойында не бар екендігі, трансферлік құны қанша екені кімді де болса қызықтырары хақ.
Алысқа кетпей-ақ алматылық «Қайрат», астаналық «Астана» футбол клубтары қысқы трансферлік ауысым кезінде ел күтпеген, таңғаларлық мәлімдемелер жасады.
Қазақстан құрамасының және «Қайрат», «Астана» клубтарының тірегі болып жүрген ойыншылардың келісім-шарттары аяқталып трансферлік терезе кезінде басқа команда сапына ауысқан болатын.
Атап айтатын болсақ: «Қайрат» шабуылшысы Абат Айымбетов Ресей премьер-лигасын 2-ші дивизионында өнер көрсететін «Крылья Советов» команда сапын толықтырған болатын. Ойыншыны «Крылья Советов» футбол клубы 1,5 млн еуроға бағалап отыр. Солай Абат «Крылья Советов» командасының ең қымбат ойыншылары қатарында 2-ші тізімге жайғасқан. Келесі ойыншымыз Георгий Жуков. Ол 2020 жылда Польшаның жоғарғы лигасында өнер көрсететін «Висла» командасымен келісім шартқа қол қойып, ресми ойыншысы атанған болатын. Оның трансферлік құны 1,2 млн еуроға бағаланып отыр. Осылайша Георгий Жуков Висланың ең қымбат ойыншысы атанған. Бауыржан Исламхан – футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны әрі үздік ойыншысы Біріккен Араб Әмірлігінің Әл-Айнь командасымен 2020 жылы 5 айлық келісім шартқа отырған болатын. Ресми бұл ойыншының жалақысы туралы мәлімет жоқ, бірақ бейресми ақпараттарға сүйенетін болсақ, Исламхан айына 80 млн теңге алады екен. Ал ол 5 айда 400 млн, яғни бар жоғы 5 айда 1 млн еуро жалақы алды деген сөз. Бірақ қазіргі таңда Исламхан допинг мәселесіне байланысты футболдан шеттетілген болатын.
Біз мұнымен қазақ футболын пайда табу көзі немесе бұл ойыншылар тек ақша үшін өнер көрсетеді десек қателескеніміз. Себебі бұл ойыншыларымыз Қазақстан біріншілігінде жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, лайықты бағасын алған болатын. Енді қазақ футболын әлемге таныту мақсатында және де өздеріне лайықты деңгейлеріне қарай қаражатпен қамтамассыз етілді деп түсінейік.