МӘДЕНИЕТ
Сіз білесіз бе?
Жаңатас –Жамбыл облысы Сарысу ауданының орталығы. Қаратау жотасының солтүстік беткейінде жусан күйреуік, баялыш өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан. Қаламыздың тарихы терең. Сарысу ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақстанда көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес құрылған. ЖАУЫНГЕР ЖЕРЛЕСТЕР ЕСКЕРТКІШІ
1941-1945жж. Қаза болғандарға арналған. Жеңістің 30 жылдығына орай қала орталығында тұрғызылған. Авторлары Е.Жаңаділов, С.Әкімжанов мәрмәр тақталарымен әрленген темірбетоннан тұрғызылған. Тікбұрышты тұғырға орнатылған биік обелиск түрінде. Кесіндісінде обелиск түйіспеген трапеция пішіндес. Онда ҰОС кезіндегі жаяу әскер формасын киіп,сапта тұрған жауынгер мүсіні орнатылған. Обелиск жандарында барельефті бейнелер бар және «1941-1945» деген жазуы бар екі пилон орналасқан. Ескерткіштің айналасындағы территория тақталар төселген, обелиск алдындағы Мәңгілік алау мен репрессия құрбандары мен интернационалист-жауынгерлерге арналған шаршы тұғырға апаратын бірнеше тепкішектер бар.
МОНУМЕНТ
Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің 1972 жылғы түлектер Жаңатас қаласына сый ретінде 2012 жылы орнатқан.Жаңатас қаласының оңтүстік бөлігінде, Бүркітті су қоймасының батысында, 300 метр жерде орналасқан. Тікбұрышты екі қабатты тұғырға тігінен орнатылған қаңылтырмен қапталған жіңішке каркасты стела түрінде. Тұғырдың бірінші қабаты гранит снынықтарымен көмкерілген,екіншісі әрлеуіш тақталармен қапталған. Стеланың орталық бөлігінде нақыш жазуы бар тақта орнатылған.
Тақтаның үстінде металл шыбықтардан иілген тоқыма мен қаңылтырдан ойылған кептерлер мүсіндерінен композиция орнатылған. Стеланың ұшар басында ашылған кітапты ұстап тұрған алақан орнатылған. Стеленың етегінде жарты шеңбер түрінде доғал конструкция орнатылған. Ол да стела сияқты қаңылтырмен қапталған.
КЕНШІЛЕР ЕСКЕРТКІШІ
Жаңатас қаласы Бабалар Аллеясында орнатылған. Монумент форфор рудаларын өңдірудің 60-жылдық мерейтойына арналған. Композиция гранит тақталармен қапталған бетон тұғырдан,оған орнатылған бетон мүсіннен тұрады. Мүсін қола түстес сырмен боялған. Мүсін рельефті жасалған батырдың жартасты жару кезін бейнелейді. Тұғырда жазулы тақта орнатылған. Ескерткіш айналасындағы территория тақталарымен төселіп, гүлзарлар егілген.