Weekend

"Трендте болыңыз". 2021-дің сәнді образдары

Әрдайым трендте жүргенді ұнатасыз ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әр жылдың өзіндік тренді болады. Сол секілді 2021 жылдың үздік заттарын ұсынуды жөн көрдім. Жыл ерекшеліктерімен бірге трендте болайық. 

1) Түрлі көлемдегі көзәйнектер. Әртүрлі түстер ішінде ашық реңктер танымал. Мысалы: көгілдір, қызыл, ашық жасыл.

2) Ассиметриялық алқа. Бұл алқалардың бір бөлігі інжуден, екінші бөлігі шынжырдан тұрады. Көп жағдайда бұл алқаны түрлі тәсілдермен тағуға болады.

3) Бейсбол бас киімдері. Celine жиынтығынан үздіктерін табуға болады. Ашық түсті бейсбол бас киімдері қазіргі таңда – хит.

4) Түрлі суретті футболкалар. Әсіресе сәнде жазуы, сандары, суреті бар футкалар болып табылады.

5) Шынжыр белдіктер. Жылдың ең сәнді заты – шынжыр.

6) Бетперделер. Әртүрлі образға арналған, түрлі матамен тігілген бетперделер – 2021 жылдың жаңалығы.

7) Алынбалы жағалар. Сәнді жағалар – жинақтардағы ең танымал детальдардың бірі.

8) Көйлек + шалбар. Трендті дұрыс таңдаған болсаңыз, бұл образ қызықты әрі әдемі көрінеді.

9) Ugly аяқ киімдері. Осы жылдың танымал тренді.

10) Неон + қара. Осы екі түсті қосып жасалатын образға тоқталмай өтуге болмас.