Әлем жаңалықтары

"Шайтан аяқ киімі". Адам қаны бар Nike кроссовкалары ұсынылды

"Шайтанның аяқ киімі" (Обувь Сатаны) аталатын адам қаны бар спорттық аяқ киімдер ұсынылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық рэпер Lil Nas X және MSCHF эксклюзивті кроссовкалар туралы жариялады. Алайда бұл шектеулі шығарылым болмақ. Себебі, Nike Air Max'97 негізінде жасалған шығарылым тек 666 жұпты құрайды.

Деректерге сүйенсек, 666 саны Құдайдан біржолата бас тартуды білдіреді. Сонымен қатар, бұл аяқ киімнің бір ерекшелігі бар. Оның табанында 60 текше сантиметр қызыл сия мен бір тамшы адам қаны бар. Әр жұптың өзіндік нөмірлері белгіленген. Олар тектен-текке жазылмаған. Себебі, әр нөмірде "Евангелие от Луки"  атты хатқа сілтеме бар. Зер салатын болсақ 10 тарау, 18 тармақ. Онда: 
"Ол оларға айтты ғой:  Мен аспаннан найзағайдай құлаған Шайтанды көрдім", - деп жазылған. 

Сонымен қатар, эксклюзивті шығарылым уақыты белгілі болды. Ол 2021 жылдың 29 наурызына жоспарланған. Бір жұптың құны АҚШ долларымен санағанда 1018 долларды,ал Ресейлік рубльмен санағанда 77 мың рубльді құрайды.