Қоғам

"Пойыз ішінде". Келіні орыстан болғанын қалаған қарияның әңгімесі

«Қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуы» немесе «Қазақ жігіттерінің өзге ұлттан қыз алуы» туралы сөз қозғадық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірде пойызбен жол жүріп келе жаттым. Қызылорда облысынан бір ата мінді. Ақтөбеге балаларына жол жүріп бара жатыр екен. Мен отырған жерге жайғасып, орналасты. Кенет жастар туралы әңгіме болып, сөз таластырдық. Тақырып: «Қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуы» немесе «Қазақ жігіттерінің өзге ұлттан қыз алуы» туралы сөз қозғадық.

Кез- келген адамды болмасын сөйлетпей қоймайтын, яғни бұл тақырып туралы әр адамның айтар ойы бар. Ата әңгімесін осы арада бастай жөнелді. Менің 2 ұлым мен 2 қызым бар. Олар Ақтөбеде тұрады. Ал кемпіріміз екеуміз Қызылорда қаласында тұрамыз. Мен атаға: «Неге баларыныздың жанына көшіп бармайсыз? Не болмаса ұлдарңныз неге сіздің қолыңызда емес?» - деп сұрақ қойдым. Қария болса, «Ұлдарымның жұмысы сол жақта. Олар сол жерге үйренген. Ал маған келсек, мен өз қарашаңырағымды тастағым келмейді. Және Ақтөбе біз жаққа қарағанда суық. Ал мен жазда бау-бақща егемін. Және оны немере-жиендеріме апарамын», - деп жымиып күлді.

Сосын ата: «Ұлымның бірі орыс қызына үйленгенін қаладым. Бізбен көрші тұрады. Жақсы араласамыз және жақын танимын. Ата-анасын да білемін» деп ол қызды мақтай жөнелді. Бірақ өкініштісі ұлым ол қызға үйленгісі келмеді. Себебі, ұнатпаған шығар, ол жағын нақты білмеймін. Мен осы арада «Неге сіз олай ойлайсыз? Сұрайын дегенім сонда қазақ қызын ұлыңызға не себепті алып бергіңіз келмейді?»

Маған жауабы қызық әрі маңыздырақ болды. Себебі, өзім қазақ қызы болған соң осы тұста намыстанғаным рас. Неге басқа ұлт өкілін келін қылып алғысы келеді? Неге қазақ қызы емес? Санамда сан түрлі сұрақтар мазалады. Қария болса, «орыс қызы өте сауатты, ойын нақты жеткізеді» деді қысқа қайырып. Болашақ немересінің қамын ойлады ма, ол жағын толық айтпады.

Бір сөзбен орыс қызы келінім болғанын қаладым деді. Мен тағы осы орайда «қазақ қызы немесе өз қызыңыз басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шықса қалай қарайсыз?» - деп сұрақ қойдым. Қария болса, түбегейлі қарсымын деді. Оның себебі, әрине қыз баласы - болашақ ана және ол ұрпақ жалғастырушы. Мен тек қазақ қызы қазақ жігітіне тұрмысқа шыққанын қалаймын және қазақ халқы көбейсін деймін деп өз ойын айтты. Атаның ойынан кейін ойланып қалдым. Я шыны керек қыз жат жұрттық. Басқа отбасының мүшесі, яғни қыз үйіне қонақ. Осы орайда атаға толықтай келісемін. Ұл баласы басқа ұлт өкіліне үйленсе де, ұрпағы қазақ болатыны белгілі. Ал қыз баласы ше? Мен, әрине, қария секілді қазақ қыздарының өзіміздің қазақ жігітіне тұрмысқа шыққанын қалаймын. Бірақ, ұлдар қазақ қызын ұнатпаса немесе керсінше қазақ қызы өзге ұлтты ұнатса не болады? Әрине жүрекке әмір жүрмейтіні белігілі. Бірақта әр адамның өмірі өз қолында. Тек ең бастысы қателеспей, дұрыс таңдау жасаса игі. Әр адам бақытты болуға лайықты деген ойға келдім.