Қазақстан жаңалықтары
Енді Орал қаласында "Менің ауылым – менің бақшам" жобасы бойынша оқушыларға 42 500 тг беріледі
БҚО оқушылары жаз бойы мектеп бақшасында жұмыс жасау арқылы табыс таба алады. Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. Алайда, мұндай мүмкіндік тек 14 жастан асқан оқушыларға ғана қолжетімді. Сонымен қатар, балалардың қызмет етуі үшін ата-аналарының рұқсаты маңызды.
Бұл жобаға 12 ауданның 70-ке жуық мектебі қолдау білдірген. Солардың ішінде, бір ауданнан жеті мектеп қатысады. Балалар үш ай бойы бау-бақшада еңбектенгені үшін табыс табады. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығынан 42 500 теңге төленеді. Бұл оқушылардың жазғы демалысты тиімді өткізуіне керемет мүмкіндік.