Қазақстан жаңалықтары
2021 жылы қорғаныс және мемлекеттік басқару сегментіне инвестиция салу бірден 67%-ға төмендеді
Әскери қуаттылығы жағынан әлемдік рейтингте Қазақстан 140 елдің ішінде 62-орында тұр деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
Мемлекет индексі – 1,0286. Ең жақсы рейтингтік балл – 0,0000. Индекс көрсеткіші қаншалықты төмен болса, елдің әскери қуаттылығы соншалықты күштірек саналады. Алғашқы бестікке АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Жапония кірді. Шекаралас жатқан мемлекеттер ішінде Ресей мен Қытайдан өзге Өзбекстанның да жауынгерлік әлеуеті Қазақстаннан жоғары болып тұр.
Ал Түркіменстан мен Қырғызстан мемлекетімізге жол беріпті. Бутан, Косово, Либерия сынды елдердің әскери күші тым әлсіз.
Айта кетейік, Қазақстанда 238 ұшақ, 300 танк, 1200 бронды техника, 124 сауда флоттары, бес порт және сауда терминалдары, 96 әуежай бар. Елдегі ұшақтардың ішінде 80-і истребитель, 75-і тікұшақ бар (оның 22-сі – әскери тікұшақ).
Рейтингке сәйкес, елде 167 мың әскери қызметші бар, бұл елдің жалпы санының 0,9%-ы.
Елдің сыртқы қарызы 2021 жылы 167,5 млрд долларды құрады. Қарыз мқлшері бойынша 140 мемлекет ішінде 38-орында тұр.
Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-ақпанында мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласы үшін негізгі капиталға 1,8 млрлд доллар көлемінд