Әлем жаңалықтары

Президент мұнайды вакцинаға айырбастамақ

Николас Мадуро әлемге мұнай ұсынды, өтеміне коронавирусқа қарсы вакцина алмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Венесуэла президенті Николас Мадуро Twitter-дегі парақшасында вакцинаны мұнай айырбастайтыны жайлы мәлімдеді деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Мадуроның айтуынша, Венесуэла Covax халықаралық бағдарламасы арқылы вакцинаға екі түрлі жолмен қол жеткізе алады. Бірінші жолы – мемлекеттен “ұрланған” ақша арқылы, екінші жолы – мұнаймен айырбастау.

Бұған дейін Венесуэла билігі АҚШ санкцияларына байланысты вакцина сатып алу үшін 30 миллион долларды бұғаттауға келіскен болатын. 2019 жылы АҚШ шоттағы Венесуэлаға тиесілі 342 млн долларды бұғаттаған. АҚШ Мадуроны диктатор деп санайтынын және 2018 жыл,ы сайлауда бұрмалаушылық жасады деп айыптаған еді.

Өткен жылдың аяғында Венесуэла 10 миллион адамға ресейлік “Спутник V” вакцинасын жеткізу туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар Қытайдың Sinopharm препаратын да жеткізуді өтінген. Алайда швед-британдық AstraZeneca компаниясы шығаратын вакцинадан бас тартты. Себебі екпе қабылдағандардың жағдайы нашарлаған.