Қоғам

2020 жылы Қазақстанда қанша адам жынысын ауыстырған?

Алғаш жыныс ауыстыру КСРО тұсында 1972 жылы жасалған. Сол кезден бері бұл операция түрі толастар емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда 13 жыныс ауыстыру фактісі тіркелген.Оның ішінде 7 ер адам әйел адамға,6 әйел ер адамға айналған.

Сонымен қатар, жыныс ауыстырғысы келген адам медициналық белгілеріне қатысты толық тексерістен өткеннен соң ғана операцияға жіберіледі. Пациент міндетті түрде психиатрдың жіті тексеруінен өтеді.

Бұған дейін министрлік әлеуметтік желіде үлкен талқылауға түскен жыныс ауыстыру операцияларының мемлекеттік қазынадан бөлінетіндігі жайлы ақпаратты жоққа  шығарды. Яғни пациенттің шығыны толықтай өз қалтасынан төленеді.

«Жынысын өзгерткісі келген кез-келген адам өзінің қалауы бойынша өзгерте алады.Оған мемлекеттің және мемлекеттік қазынаның ешқандай қатысы жоқ»,- деді Денсаулық Сақтау Министрлігі.