Денсаулық
Тірлік істеуге құлқыңыз болмаса, бұл сіздегі физиологиялық және психикалық себептерге байланысты болуы мүмкін
Адам бойындағы жалқаулық физиологиялық немесе психологиялық мәселелерден туындауы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Tvzvezda.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бірінші нұсқада, дене адамға шаршау туралы сигнал береді. Екіншісінде жағдай әлдеқайда күрделі. Психиатр, медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Фоминнің айтуы бойынша, жалқаулық дегеніміз – адамның өз күші мен мүмкіндіктерін төмендететін терең ой.
«Ғаламдық контекстегі жалқаулық – бұл адамның өзіне деген сенімсіздігі», - деді Фомин.
Маман сіздің өміріңіздегі кей қадамдарыңызға бөгет келтіретін жалқаулық мәселесін шешудің бірнеше нұсқаларын атады. Сонымен, амалдардың бірі – демалу мақсатындағы саяхат. Психотерапевтпен, психологпен сеанстар немесе психиатрға бару және дәрі-дәрмек терапиясын қабылдау да мәселені шешуге көмектеседі.
Бұған дейін психиатр Павел Качалов жалқаулық – бұл жай ғана құлықсыздық емес, ештеңе істей алмауды білдіретін аурудың бір түрі екенін айтады. Бұл жағдайда өзін жалқау деп санайтын адам күйзеліске ұшырауы мүмкін.
Фото: pixabay.com