МӘДЕНИЕТ

"Ер есімі - ел есінде": Асанбай Асқаровтың әдеби мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел қайраткердің өмірден өткеніне 20 жыл, «Мұзға жанған алау» Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күні бүгін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты басшылығымен 2021 жылдың 30 наурызында сағат 11:00-де ұлы дала перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ғалым Асанбай Асқарұлы Асқаровтың әдеби мұрасына арналған дөңгелек үстел шарасы онлайн форматта орын алды .

Дөңгелек үстел – ұлттың тірегі, мол тағлымға толы шығармаларымен халықтың көзін ашып, көкжиек таным бағдары болып отырған тұлғалармен толығып, әрбір тыңдарманның құлақ бойын шыңылдатып, денесіне рухани азық болар тағлымға толы естелік – баяндамаларымен жалғасын тапты.

Дөңгелек үстел барысында Асанбай Асқарұлының өнегеге толы шығармашылығы мен үлгі болар өмірі баяндалып, тұлғаны ерекше толғаныспен, сағынышпен, ілтипат – құрметпен еске алды. Асанбай Асқарұлының жазып қалдырған әрбір еңбегі күні бүгінде тарих ғылымы саласында құнды мәлімет болып табылса, жалпы адамдық адамгершілік қасиеттің де бір ұшқыны белең алады. Тыңдармандар ілтипатын білдіріп, алғыстарын жаудырған жиын ерекше әсер қалдырды. Шараға қатысушылар Асанбай Асқарұлының өмірімен, шығармашылығымен таныса келе,болашаққа бағдар, өнегелі өмірдің сипатынан бір көрініс тапты. 

«Асанбай Асқарұлын Тұрар Рұсқылов тұлғасымен теңеп, ел бастаушы бірде – бір тұлға», - деген жүрекжарды ішкі – тебіреністер, ақиқат ақпараттар айтылды. Өзге ұлт өкілінен, қандас түрік елінен Ашур Өздемир – PhD докторы, аудармашы қатысты. Ашур Өздемир А.Асқаровтың өлеңдерін, кітабын түрік тіліне аударған, кітап барысына тоқталып, тұлғаның өмірі мен шығармашылығын ұштастырып баяндама жасаған тұлға ретінде белгілі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Римма Серікқалиқызы Жақсылықбаеваның өнегеге толы, жүрекжарды баяндамасы тыңдарманның көңілін жібітті. Болат Ешмұхамбетұлы КөмековОразалы Сәбденұлы Сәбден, Шәмша Көпбайқызы БеркімбаеваМұқтар Қазыбек ,Гүлжаһан Жұмабердіқызы ОрдаБауыржан Өміржанұлы Жақып,  Нұрлан Мырқасымұлы Оразалиндердің әрбір сөзін тізбектеп жазып, әр сөзінің астары мен мағынасына, үңілсе түбіне жетер-жетпестейміз.

Дөңгелек үстелдің алтын қазығы болып, Асанбай Асқарұлының тұлғасын сөзбен айшықтап, бедерлеп жеткізген, тыңдарман – көрермендерге арнайы баяндама жасап, отырыстың ұйытқысы болған ардақты тұлғалардың қатары ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Болат Ешмұхамбетұлы КөмековОразалы Сәбденұлы Сәбден – ҚР ҰҒА-ның академигі, экономика ғылымының докторы, профессор, Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин – ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Бауыржан Өміржанұлы Жақып – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасының орынбасары,  ҚР Жоғары мектеп ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР ҰҒА корр-мүшесі, Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева – мемлекет және қоғам қайраткері, Рафаэль Ниязбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шешенстанның ұлт намысы, ҚР «Парасат» ордендерінің иегері, Самат Көшенұлы Өтениязов – тарихшы, тарих ғылым кандидаты, Қазақстандағы белгілі испан тілінің аудармашысы, Испания мен Латын Америкасы жазушыларының еңбектерін испан тілінен қазақ тіліне аударған, Ашур Өздемир – PhD докторы, аудармашы, А.Асқаровтың өлеңдерін түрік тіліне аударған, Түркия, Мұқтар Қазыбек – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, публицист, Толқын Болатбекқызы Аюбаева – Шымкент қаласындағы №77 мекеп-лицейдің директоры, Римма Серікқалиқызы Жақсылықбаева – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, профессорлармен толысты.

«Ер есімі – ел есінде» , гаухар көңілге толы пейіл – ниетпен ұйымдастырылған Асанбай Асқарұлы Асқаровтың әдеби мұрасына арналған дөңгелек үстел ерекше көрініс айбынын тапты.