Экология
Атадан мал қалғанша тал қалсын
«Bugin Association» қоғамдық бірлестігі биылғы Наурыз мерекесіне орай Алматы қаласына ерекше тарту жасады. 2021 жылдың 20 наурызында аталмыш бірлестік қаланы көгалдандыру мақсатында Желтоқсан саябағында ағаш отырғызды деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
Шара «Bugin-экология» көгалдандыру жобасы аясында өтті.
Жоба мақсаты – тал егіп, ағаш отырғызу арқылы қоғамға игі іс жасау болған. Әрі 1,5 миллион қаражат жинап, қаланың көркеюіне үлес қосу. Осы тұста айта кету керек, қаржының жартысын «Bugin Holding» компаниясы шығарды. Ал қалғаны қоғам еріктілерінен жиналды.
Желтоқсан саябағында жалпы саны 275 ағаш отырғызылды. Оның ішінде: шаған – 125, қайың – 100, арша – 50.
Шараға келген қонақтар «Bugin Association» қоғамдық бірлестігінің ісін игілікке балап, алғыстарын жаудырды.
Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Бейсеуов Ермек Беркимбайұлы сөз бастап, «Желтоқсаншылар» атынан Гүлбахрам Жүніс, Талғат Қожанадиров @bugin_association қоғамдық бірлестігіне үлкен алғыстарын білдіріп, Наурыз мерекесіне орай шашу шашып, «Желтоқсаншыларға» арнап өлең жолдарын айтты.
Еріктілер қозғалысының төрайымы Айсұлу Ерниязова қатарластарына алғыс білдіріп, әрқашан қолдайтынын жеткізді.
Осы тұста «Bugin Association» бірлестігі жобаға атсалысқан @bugin.holding, @daryn.online, @buginent, @ordagen.kz, @daryn.tandau, @buginsoft, @buginnenbasta, @educenterkz компанияларына алғысын білдірді.
Алматы экологиялық ластану бойынша жоғарғы көрсеткішке ие. 2020 жылдың ақпанында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев атмосфераны ластаушы заттың көлемі 2,4 млн тоннаны құрағанын айтты. Егер ешқандай шара қолданылмаса, 2030 жылы 3,6 млн тоннаны құрауы мүмкін екенін ескерткен еді.