Қазақстан жаңалықтары
Спорт кешеніндегі науқастарға арналған төсек-орын 1000 адамға арналған
Алматыдағы Halyk Arena коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастады. Мұны қалалық қоғамдық деснаулық сақтау басқармасы мәлім етті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы inform.kz-ке сілтеп хабарлайды.
Басқарма атап өткендей, Halyk Arena қайтадан іске қосылды. Онда орташа жағдайдағы науқастар жеткізіледі.
“Таңертеңгі жағдай бойынша, Halyk Arena спорт кешенінде ашылған провизорлық стационарлық орталықта 18 науқас жатыр. Мұндай шешім мегаполис тұрғындары арасында КВИ инфекциясының таралмауы үшін қабылданды. Спорт кешеніндегі төсек-орын 1000 адамға арналған. Науқастарға медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Медициналық құралдармен толық жабдықталған. Талапқа сай”, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетсек, Алматыда жаңа штаммдар пайда болды. Оның контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штаммдардың жұқтыру көрсеткіші 70 пайызға дейін жетеді. Бұл инфекция жоғары жұқпалы екендігін көрсетеді. Мегаполисте соңғы уақытта тіркелген вирустың таралу жылдамдығына дәл сол себеп болып отыр.