Қазақстан жаңалықтары

"Netflix". Astana Hub фильмдерін сатып алды

Жоба Netflix Originals брендімен шығады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Netflix" SHOKAN, UIA, OIANY қазақстандық қысқаметражды фильмдеріне көрсетілім құқығын сатып алды деп хабарлайды Bugin.kz платформасы Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Осы қыста Astana Hub "Черное зеркало" желісімен антиутопия мен технологиялық болашақты ұштастыратын жаңа жанр бойынша қысқаметражды фильмдер шығарды. Жоба Айтөре Жолдасқали, Қуаныш Бейсеков және Фархат Құлбаев сынды жас кинорежиссерлерімен бірлесіп дайындалған болатын.

«Netflix-ті қазақстандық жобаларға қызығушылық танытады деп күтпедік. Біз «Черное зеркало»-дан шабыт алып, антиутопияның жаңа жанрын шығардық. "Шоқан" фильмі осы күзде бірінші болып шығады»-, деді авторлар.

«Шоқан» картинасы қазақстандықтар үшін маңызды тарихи оқиғаны қозғады. Болашақ технологиясымен ұштастыра жүз жыл бұрын орын алған ашаршылық жағдайын таспалады.

Фильмдер биыл күзде бейнесервисте көрсетіледі деп жоспарлануда. Жобалар Netflix Originals брендімен шығады. Прокат әлемнің ондаған тіліне аударылмақ. Фильмдер көрсетілім бойынша 100 млн-нан астам қаралым жинайды деп күтілуде. Бұл қазақстандық киноматография тарихындағы стриминг айдаһарымен тұңғыш коллаборация болып отыр. 

Айта кетейік, туындылар алғашқы күннен көрерменнің көңілінен шықты. Дәл қазір кинокартиналарды Astana Hub-тың YouTube арнасынан қазақ тілінде, орыс тіліндегі субтитрінде көре аласыз.