Қазақстан жаңалықтары
Бүгін еліміздің басты символы Мемлекеттік Елтаңба және Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің авторы, сәулетші, ақын, ғалым әрі қоғам қайраткері Шот-Аман Уәлиханов дүние салды
Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлы Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Көкшетау өңіріндегі Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Руы – Төре.
Шыңғысхан әулетінен тарайды. Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы, демократ Шоқан Уәлихановтың тікелей ұрпағы. Шыңғысханнан тарқатсақ: Шыңғысхан – Жошы –Тоқан – Темір – Бәдік – Орыс хан – Құйыршық хан – Барақ – әз Жәнібек – Жәдік – Шығай хан – Еңсегей бойлы ер Есім – Салқам Жәңгір–Уәли– Қанішер Абылай–Көркем Уәли – Абылай хан (Әбілмансұр) –Уәли Шыңғыс–Әбілмақыжан (Мақы)– Ыдырыс–Шот-Аман (Шота Уәлиханов).
Шота Уәлиханов атақты Абылай ханның ұрпағы. Абылайдың бір баласы Қасымханнан тарайтын Кенесары–Наурызбаймен де туыстас.
Шотаның әкесі Ыдырыс – Шоқанның інісі Мақының баласы. Ал Мақы Петербургта оқып, білім алған, танымал суретші болған кісі.
Ол бірнеше ғимараттың,20 монумент пен ескерткіштің авторы.
Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!