Білім және ғылым

ҰБТ: Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қалай дайындалған дұрыс?

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдарын ұсынамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды сәт. Бірі дайындықты сын сағаты тақалғанда бастайды. Ал тестілеудің маңыздылығын білетіндер алдын ала оқулықтарын әзірлейді. Әрине, бұл жолда барынша еңбек пен білімді жаныңа серік еткенің дұрыс. Жетістікке жеткің келсе, жалқаулықтан арылу – ең дұрыс шешім.

ҰБТ барысында бейіндік пәндер мен олардан жиналатын баллдар үлкен рөл ойнайды.Оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұзақ дайындықты, аса қырағылықты талап етеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне дайындалу барысында мына инсайттарды ескерген жөн:

Ең алдымен, барлық оқулық мазмұнымен танысу. Жақсы көрсеткіш көрсету үшін сенің қолында 6-11 сынып аралығындағы мектеп кітаптары болуы тиіс. Себебі, барлық сұрақ тікелей оқулықтардан алынады. Ескере бермейтін, кішігірім ақпарат болып көрінетін тұстарды маркермен белгілеп қоюға кеңес беремін.

Келесі қадам – әдеби шығармаларды түгелдей оқып шығу. Интернеттен алынған ақпараттар ҰБТ барысында жеткіліксіз болады. Олай дейтінім, тестте біз бір шолып өткен кейіпкерлердің аты жөні, мінезі секілді сұрақтар емес, ішкі жан дүниесі, оқиғаның мазмұны, идеясы сынды сауалдарға басты назар аударылады.

Үшінші, автордың жазу стилін айқындай білу. Бұл қадам қиынырақ болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, әдебиетті сүйетін жан мұны оңай іске асыра алады. Мысалы, Мұқағали шығармалары таудан аққан бұлақтай төгіліп жатады, оның ұйқасынан кемшілік табу мүмкін емес. Өлең заңдылықтарына бағына бермейтін тармақ саны, бунақ секілді элементтердің өзгешелігі айқын білінеді. Ал Абай туындыларында арабша, ескі сөздерді аңғаруға болады.

Болашақ түлек, бұл кеңестерді ескере отырып, үздік нәтиеже көрсететініңе сенімім мол. Дегенмен, ҰБТ сенің өміріңнің келесі кезеңіне ғана баспалдақ бола алмақ. Ал армандарыңның орындалуы мен көздегеніңнің жүзеге асуына өзіңнен басқа ешкім де кедергі бола алмайды.